Селим үңгірі () — Мажарстанның Татабания қаласының маңында орналасқан үңгір. Ол Герече тауының тік беткейіндегі су ағынының әрекеті нәтижесінде табиғи түрде пайда болған.

Үңгір туралы аңыздар Селим үңгірі Мажарстандағы ең танымал табиғи көрікті орындардың бірі. Селим үңгіріне байланысты халық арасында аңыз бар. Түріктер Мажарстанға шабуыл жасап, Татабанияны жаулап алуға келгенде жергілікті тұрғындар жаулардан қорғану үшін осы үңгірді паналағанын айтады. Алайда Османдар жасырынған жерлерін тауып алып, ішіндегі адамдарды түгел өртеп немесе құлдыққа алған. Ел аузында бұл бұйрықты Сұлтан Селим берген, сондықтан үңгірдің аты осыған байланысты Селим есімімен аталған. Бірақ ғылыми және тарихи зерттеулерден кейін бұл теория жоққа шығарылды. Зерттеушілердің нәтижелеріне сүйене отырып, үңгір ұзақ уақыт бойы алғашқы адамдардың мекені болғаны анықталды. Үңгірден мұз дәуірінде оны баспана ретінде пайдаланған ежелгі адамдардың іздері табылған. Мұнда мамонт пен басқа да жойылып кеткен жануарлардың қалдықтары табылды.

Сипаттама Селим үңгірі салыстырмалы түрде шағын болып саналады, оның ұзындығы 45 метр, ені 12 метрге дейін, биіктігі 14 метр. Үңгір 1934 жылы ашылған және содан бері әлемнің түкпір-түкпірінен туристер үшін танымал орынға айналды. Үңгір іші кристалдармен және сталактиттермен безендірілген залдар мен дәліздерден тұрады. Ең әсерлі залдардың бірі – «Ғасырлар залы», онда 1000 жылдан астам жасы бар сталактиттерді көруге болады.

Үңгірге кіре беріс таудың етегінен де көрінеді, оның іші арнайы шамдармен жарықтандырылған, олардың көмегімен ішкі қабырғалары мен төбесіндегі барлық жазулар мен сызбаларды көруге болады. Селим үңгірінде Netflix «Дуашы» (The Witcher) фильмінің бірнеше көріністерін түсірді. 2013 жылы Мажарстанның Ішкі істер министрлігі бұл жерді қорғалатын табиғи ұлттық мұра деп жариялады.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Мажарстан үңгірлері