Қаражал – Қалба жотасының оңтүстік бөлігіндегі таулар.

Географиялық орны Абай облысы Көкпекті ауданы Шәріптоғай ауылының солтүстік-батысында 13 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1144 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 25 км-ге созылған, енді жері 15 км шамасында.

Геологиялық құрылымы Тас көмір кезеңінің төменгі бөлімінің жыныстарынан түзілген.

Жер бедері Беткейі тіктеу, көптеген жартасты ұсақ шоқылармен, сай, өзен аңғарларымен тілімденген. Солтүстігінен Шар, оңтүстігінен Көкпекті өзендерінің салалары бастау алады. Батысында Қарғалы, шығысында Толағай, оңтүстігінде Ақшоқы таулары орналасқан.

Өсімдігі Аласа таудың шалғынды қоңыр топырақ жамылғысында далалық астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Көкпекті ауданы таулары