Қаражал – Баянауыл тауларының оңтүстігіндегі оқшауланған тау.
Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ақсан ауылының оңтүстік-батысында 10 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 534 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 2 км.
Геологиялық құрылымы мен жер бедері Жер қыртысы силур мен девон кезеңдерінің кристалды порфирит, сиенит, гранитті тақтатастарынан түзілген. Оның бетін делювийлі-пролювийлі шөгінділер жапқан. Жазыққа ұласатын батыс және солтүстік етегінде шағын тұзды көлдер жатыр.
Өсімдігі Беткейлерінің және етегінің қиыршықтасты қызғылт қоңыр топырағында қараған шоғырлары аралас бетеге, қау, сұлыбас өскен. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы таулары