Шахсевендер — Иранның солтүстік-батысындағы және Әзербайжанның оңтүстік шығысындаығ түркі халықтары. Жалпы саны 85 мың адам.(2017). Олар Ардебил және Мешкин шахсевендері болып бөлінеді. Әзірбайжандарға жақын, кейде олардың субэтникалық тобы болып саналады.

Этногенезі Этнограф Иван Шопеннің айтуынша, шахсевендер оғыздардың бір тармағына жататын селжұқтардың ұрпақтары болған. Олардың Қашқай халқымен тамыры ортақ.

Тілі Әзербайжан тілінің шығыс (мұған) диалектілерінде сөйлейді.

Діні Дінге сенушілері - сүнниттік мұсылмандар.

Тарихы нобай|оңға|200px|Әзербайжандағы шахсевен әйелі Бұл топтың құрылуы 16 ғасырда, шах Аббас I Қызылбастар көсемдері тайпасының ықпалын әлсірету мақсатында Қызылбас тайпалық бірлестігінің мүшелерінен арнайы жасақ құра бастады, жасақ Шахсевендер деп аталды. Аббас I тұсында Шахсевендерге Ардебил мен Мұған, Сава, Казвин аймақтарында үлкен жер иеліктері берілді. 19 ғасырдың аяғында Шахсевеннің көпшілігі отырықшы өмірге көшті. 1905-11 жылдардағы Иран революциясы жылдарында шахсевендердің басшылары монархия жағында болды. 20-30 жылдары Реза шах Пехлевидің елді орталықтандыру саясаты кезінде шахсевендер қарусыздандырылды. 1945-46 жылдардағы ұлттық-демократиялық қозғалыс кезеңінде Иранның солтүстік-батысында шахсевендердің жетекшілері реакцияны қолдады.

Кәсібі Дәстүрлі кәсібі – көшпелі мал шаруашылығы (қой, ірі қара, түйе және жылқы). 19 ғасырдың аяғынан бастап отырықшы егіншілікке көшті.

Тұрмыс салты Олар тайпалық жіктелуді, исламға дейінгі кейбір әдет-ғұрыптарды (соның ішінде жерлеу рәсімдерін) сақтаған.

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары нобай|оңға|200px|Шахсевен киіз үйі Дәстүрлі тұрғын үйлері – шатырлар, лашықтар.

Дәстүрлі киімдері Ерлер киімі – ақ немесе көк көйлек, қоңыр мата шалбар, ұзын қынама бел шапан, қозы терісінен бас киім. Қыста жеңі ұзын қой терісін киеді. Әйелдер киімі – көк көйлек, шаровар, жамылғы, жүннен тоқылған шұлықтар, алтын-күміс әшекейлер.

Дәстүрлі тағамдары Тағамдары – палау, бұқтырылған ет, қой еті, сүт өнімдері.

Сілтеме

Дереккөздер

Санат:Иран этникалық топтары Санат:Әзербайжан халықтары