Сэмюэл Баркли Беккет ( (13 сәуір 1906 — 22 желтоқсан 1989) — француз және ирланд жазушысы, ақын және драматург. Модернизмнің әдебиеттегі өкілі. Абсурд театрының негізін салушылардың бірі (Ежен Ионескомен бірге). Ол «Годоны күту» пьесасының авторы ретінде әлемге танымал (), XX ғасырдағы әлемдік драматургияның ең маңызды туындыларының бірі. 1969 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты. Ол өмірінің көп бөлігін Парижде өткізді, ағылшын және француз тілдерінде жазды.
Өмірбаяны Ерте жылдар (1906-1923) Сэмюэл Баркли Беккетт 1906 жылы 13 сәуірде (Қайырлы жұма) Ирландия, Дублин қаласының маңындағы Фоксрок шағын қауымында дүниеге келген.
Оның әкесі Уильям Фрэнк Беккетт (1871-1933) француздық тамыры бар бай протестанттық отбасынан шыққан — оның ата-бабалары контрреформация кезінде, мүмкін 1685 жылы Нант жарлығының күшін жойып, гугеноттарды заңсыз деп санағаннан кейін Франциядан кеткенAnthony Cronin. Samuel Beckett. The Last Modernist. Flamingo. London. 1997. Болашақ жазушының атасы Уильям («Билл») өте үлкен және табысты құрылыс бизнесін құрды: сол, «J. and W. Beckett Builders»фирмасы Ұлттық кітапхана мен Ирландияның Ұлттық мұражайы ғимаратының мердігері болдыJames Knowlson. Damned to Fame. The Life of Samuel Beckett. Grove Press. New York. 1996.. Беккеттің әкесі отбасылық бизнесті жалғастырды, жылжымайтын мүлікті бағалау және құрылыс сметаларымен кәсіби түрде айналысты. Баласынан, сондай-ақ Самуэльдің ағаларынан айырмашылығы, кіші Билл өнерге бейімділігімен ерекшеленбеді, бірақ ол тамаша спортшы, ақылды бизнесмен, жақсы отағасы және мінезі жақсы болды. Беккетт әкесімен қарым-қатынасы өте жақсы болды және кейін оның қайтыс болғанда қатты қайғырды.
Анасы, Мария (Мэй) Беккет, тумысында Роу (ағылш. Roe) (1871-1950) да Ирландия шіркеуінің приходтарының протестанттық отбасынан шыққан және орта тапқа жататын: оның әкесі диірменнің иесі болған және астық жинаумен және сатумен айналысқан. 15 жасында Мэй жетім қалып, отбасының шаруасы бұзылып, жазушының болашақ анасы ауруханада медбике және ауруды күтуші болып жұмыс істеуге мәжбүр болып, болашақ жарымен танысадыJames Knowlson. Damned to Fame. The Life of Samuel Beckett. Grove Press. New York. 1996.. 1901 жылы ерлі-зайыптылар үйленіп, келесі жылы тұңғыш сәбилері Фрэнктің дүниеге келуін тойлады, ал төрт жылдан кейін Сэмюэль дүниеге келді. Мэй қатал және үстем сипатымен ерекшеленді, дегенмен ерлі-зайыптылар бір-бірін сәтті толықтырды және олардың некесін әдетте бақытты деп атауға болады.
Болашақ жазушының балалық шағы Фоксрокта, бір акр жер теліміне іргелес жатқан кең ата-ана үйінде өтті. Беккетт спортшы және мазасыз бала болып өсті, ол педант және үстемдік ететін анасына қарағанда әкесіне жақын болды.
Беккетт қатаң протестанттық тәрбие алды, алдымен үйде, содан кейін 9 жасынан бастап Дублиндегі Эрлсфорт мектебінде білім алды. Мектеп бай ирландиялықтармен жақсы қарым-қатынаста болды, оның мұғалімдерінің көпшілігі беделді Тринити колледжінің түлектері болды. Мектепте Беккетт тамаша спортшы және қабілетті оқушы ретінде атақ алды. 1920 жылы 14 жасында Солтүстік Ирландиядағы Эннискиллен қаласындағы Портора жеке корольдік мектебінің студенті атанды. Бір қызығы, тағы бір көрнекті жазушы және Беккеттің жерлесі Оскар Уайлд та бұрын осы мектепте оқыған. Порторада (мектеп бүгінгі күнге дейін бар) Беккетт гуманитарлық ғылымдар мен спорттық пәндерге де тамаша қабілетін ашты — регби, крикет, жүзу, гольф және бокс. Алайда, оқу және спорттық жетістіктерге, сондай-ақ құрдастар арасындағы беделіне қарамастан, Беккеттің қарым-қатынаста мәселелелрі болды, үнемі түнеріп және тұйық жігіт болып өседі.
Университет және Париж жылдары (1923-1930) солға|нобай|282x282 нүкте| 1922 жыл Ақырында, 1923 жылы Беккетт әйгілі Дублин Тринити колледжіне оқуға түсіп, онда ағылшын және қазіргі заманғы еуропалық әдебиеттерді, француз және итальян тілдерін қарқынды оқиды. Тринити колледжінде Беккетт роман тілдерінің профессоры Томас Родмос-Браунмен кездеседі, ол жас жігіттің классикалық және қазіргі заманғы еуропалық әдебиет пен драматургияға деген қызығушылығын оятады (Беккетт Ронсар, Петрарка, Расин және басқаларды қарқынды түрде зерттейді), сонымен қатар оны алғашқы шығармашылық ізденістерін жігерлендіреді. Сонымен қатар, Беккетт жеке итальяндық сабақтарын алады және Макиавелли, Джозуэ Кардуччи, Д'Аннунцио және Дантенің «Құдай комедиясын» ынтамен зерттейді.
Студент кезінде ол крикетпен шындап айналысуды жалғастырды, Дублин университетінің командасында ойнады, Нортгемптонширге қарсы бірінші дәрежелі екі ойын өткізді. 1926 жылы Тринити колледжінің қазіргі заман тілдері бойынша стипендиаты болып сайланды.
Университетте оқып жүрген жылдары Беккетт Дублин театрларының тұрақты келушісі болатын — Йейтс, О'Кейси және Синг шығармалары арқылы сол кездегі ирланд драмасына, кинотеатрлардың — гүлденуіне, сондай-ақ көркем галереяларға куә болды. Сонымен қатар, Беккетт өзін-өзі тәрбиелеумен табанды және ынтамен айналысады, көп оқиды, Ирландияның Ұлттық галереясының тұрақты қатысушысы болады, бейнелеу өнеріне деген құштарлық пен Ескі шеберлерге, атап айтқанда XVII-ші ғасыр голланд кескіндемесіне ерекше қызығушылық танытты. Өнер тарихына деген сүйіспеншілік пен заманауи кескіндеме туралы терең білімді Беккетт өзінің бүкіл шығармашылық өмірбаянында бойына сіңіреді. Университет жылдарында Беккеттің алғашқы шын мәніндегі махаббаты бар, дегенмен, өзара емес — Этна МакКарти, кейінірек «Әйелдер, әдемілер және солар туралы армандарында» Альба атымен расталды.
1925—1926 жылдары Беккетт көп саяхаттап, алғаш рет Франция мен Италияны аралады. 1927 жылы Беккетт емтихандарды тапсырып, лингвистика (француз және итальян тілдері) бакалавр дәрежесін алды және оның оқытушысы, профессор Родмоуз-Браунның ұсынысы бойынша Белфасттағы Кэмпбелл колледжінде ағылшын және француз тілі мұғалімі лауазымына ие болды. Педагогикалық тәжірибе болашақ жазушыны қысады: Беккетт қарапайым материалды түсіндіру адам төзгісіз жалықтырады және екі семестр жұмыс істегеннен кейін, оқыту алмасу бағдарламасының арқасында Парижге, беделді Эколь Нормаль сюперьёрге, ағылшын тілі мұғалімі лауазымына барады. Дәл осы кезде Беккеттің жиені Пегги Синклермен екі жылдық романтикасы басталады.
Парижге келгеннен кейін Беккетт өзінің Эколь сюперьёрмен алмасу бағдарламасының ізашары Томас МакГривимен кездеседі, ол жазушының өмірінің соңына дейін ең жақын досы әрі сырласы болуға тағдырласады. МакГриви Беккетті көркем богемиялық үйірмелермен таныстырады. Парижде Беккетт Юджин Жолас (жазушы, атақты пианист және композитор Бетси Жоластың әкесі), Сильвия Бич (екі дүниежүзілік соғыс арасындағы дәуірдегі әдеби Париждегі ең маңызды тұлғалардың бірі), Джек Батлер Йейтс (ирландияның ең ірі ұлттық суретшісі, атақты ақынның кіші інісі) сияқты атақты адамдармен танысады, одан бөлек сол кезде танылған әдеби кемеңгер Джеймс Джойс тұр. Аз уақыттан соң Беккетт «Улисстің» әйгілі авторының үйінде жиі қонақ болады.
Алғашқы әдеби тәжірибелер (1929-1933) 1929 жылы Парижде Беккетт өзінің болашақ әйелі Сюзанна Дешево-Дюменильмен () (1900 — 17.06.1989), сонымен қатар Джойстың бастамасымен жасалған журналдардың бірінде өзінің алғашқы әдеби тәжірибесін — «Данте ... Бруно. Вико. . Джойс» және «Көтерілу» алғашқы повесін () жариялайды.
Дәл Джойс туралы эсседе атақты отандасы кейінгі шығармасына жасалған шабуылдарға түсініктеме бере отырып, Беккетт жас автордың жазудың мәні туралы көзқарастары контексінде маңызды көзқарасын тұжырымдайды: «Мұнда форма – мазмұн, мазмұн – форма. Сіз бұл шығарманың ағылшын тілінде жазылмағанына шағымданасыз. Ол мүлдем жазылмаған. Оны оқу керек емес, дәлірек айтсақ, оқу ғана керек емес. Оны көру және есту керек. Оның шығармасы ештеңе туралы емес; бұның өзі бір нәрсе»Сэмюэль Беккет. Осколки. Москва «Текст», 2009.
Шамамен сол уақытта Беккетт Джеймс Джойспен жақын араласып, оның әдеби хатшысы болады, атап айтқанда, оның соңғы және ең ерекше және жаңашыл, ақырында «Финнеганның оянуы» ( ) деген атпен белгілі болған шығармасында жұмыс істеуге көмектесті. Беккеттің өмірбаянындағы екіұшты эпизод атақты отандасымен уақытша болса да үзіліс тудырған Джойс отбасымен де байланысты. Джойстың қызы, психикалық тұрақсыз Люсия әкесінің жас әрі тартымды көмекшісіне тым ғашық болады. Беккетт шизофрениямен ауыратын Джойстың қызына жауап бермейді, бұның барлығының нәтижесі Беккеттің Джойспен үзілуі және Люсияның психиатриялық ауруханаға ерте орналасуына, ол қалған күндерін сонда өткізуіне әкелді.
1930 жылдың күзінде Беккетт Тринити колледжіне оралды, онда ол профессор Родмоуз-Браунның ассистенті ретінде өзінің оқытушылық мансабын жалғастырды, француз тілінен сабақ берді және Бальзак, Стендаль, Флобер, Гиде, Бергсон туралы дәрістер оқыды. Жабық, патологиялық дерлік ұялшақ Беккетке лекциялық жұмыс пен сабақ беру өте ауыр — бір оқу жылында жұмыс істегеннен кейін, Беккетт анасының қатты наразылығы мен әкесінің көңілін қалдырып, Тринити колледжін тастап, Парижге оралады.
Осы уақытта «Блюдоскоп» ( ) поэмасының жазылуы, — Беккеттің сүйікті философтарының бірі Рене Декарттың атынан монолог түрінде жазылған және француз модернисті Марсель Прусттың шығармашылығы туралы «Пруст» сыни эссесі жазушының жеке кітапта жарияланған алғашқы шығармасы.
1932 жылдың бірінші жартысында Парижде тұрып жатқан Беккетт «Әйелдер, әдемілер және солар туралы армандары» () өзінің алғашқы ірі прозалық шығармасымен жұмыс істейді, бұл бір жыл бұрын Дублинде басталған. Жетілген, әсіресе, піскен Беккетке тән емес, «барокко» тілінде жазылған, жас автор өмірбаяндық сипаттағы терең эрудициясын көрсететін күрделі кітап жас жігіттің Белаккуадың (Дантовтың «Тазалау» кейіпкерлерінің бірімен аттас) қарым-қатынасын егжей-тегжейлі және түсініксіз суреттеуге арналған. үш қызбен (олардың біріншісінің Смеральдина-Риманың прототипі, оның жиені Пегги Синклер, екіншісі Сира-Куза, Джойстың ессіз қызы Люсия, үшіншісі, Альба, — жазушының университет жылдарындағы махаббаты, Этна МакКарти) Роман біршама «шикі», Беккеттің айтуынша, «жетілмеген және лайықсыз» болды, дегенмен автордың әдебиет, философия және теология мәселелері бойынша кең энциклопедиялық эрудициясын көрсеткенімен, күткендей жұмысты барлық баспагерлер қабылдамады және автордың өз өсиеті бойынша, ол қайтыс болғаннан кейін тек 1992 жылы басып шығарды.
«Жексұрын уақыттар», «Мёрфи», Францияға соңғы көшу (1933-1940) 1933 жыл жаңа бастаған әрі жолы болмай жүрген жазушы үшін оңай жыл болмады. Біріншіден, Пегги Синклер туберкулезден қайтыс болады, бірнеше аптадан кейін Беккеттің әкесі қайтыс болды, бұл оны кезектес дүрбелеңмен ауыр депрессияға ұшыратты. Жазушы тағы да Ирландияны тастап, Лондонға қоныс аударады. Англияда Беккетт әкесі қайтыс болғаннан кейін оған белгілі бір мүлік қалдырғанына қарамастан, қаржылық қиын жағдайда өмір сүреді және өзіне және өзінің болашағынан сенімсіздікпен депрессиядан азап шегеді. Қатты психологиялық проблемалардан арылу үмітімен Беккетт сол кезде қарқынды дамып келе жатқан психоанализ сеанстарына жүгінеді, Фрейдтің, Адлердің, Ранк пен Юнгтің шығармаларын ынтамен оқиды. Доктор Бионмен психотерапия курсы Беккетке невроздар мен кешендерден айығу жолында шығармашылық жақсы дәрі бола алатынын түсінуге көмектестіТокарев Д. В. Воображение мертво воображайте. // Сэмюэль Беккет. Никчёмные тексты. — СПб.: Наука, 2003. — (Литературные памятники) — ISBN 5-02-028514-5.
1934 жылдың мамырында Беккетт бізге бұрыннан таныс қарапайым кейіпкер Белаква біріктірген өзінің — «Тістегеннен гөрі үргені қөп» (аударма нұсқасы - «Соққылардан гөрі тықылдатқаны көп») ( ) More Pricks Than Kicks) алғашқы әңгімелер жинағын басып шығарды, бірақ ол оқырмандарда да, сыншыларда да айтарлықтай табысқа жете алмады. 1935 жылы жазушының достарының бірінің иелігіндегі шағын баспахана Беккеттің «Жаңғырық сүйектері» поэзиялық жинағын шығарады. Осы уақытта «Мерфи» романы бойынша жұмыс басталды.