Саумалкөл – Есіл алабындағы ағынсыз көл.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы жерінде өзімен аттас ауылдың шығысын бойлай орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 277,5 м биіктікте. Аумағы 24,3 км2, ұзындығы 8,2 км, енді жері 4,5 км, жағалау бойының ұзындығы 22,3 км, орташа тереңдігі 4,1 м. Көлдің солтүстігі жəне батысы адырлы, аласа төбешікті, шығысы жазық, түйетайлы. Көл атырабының басым бөлігі егістікке жыртылған. Біраз жерінде ағаш, оңтүстік жағалауында 40–70 м-дей қамыс өседі. Түбі тегіс, көлге шағын 4 өзен құяды. Суы ішуге жарамсыз, минералдылығы жоғары. Көлден балық ауланадыҚазақстан табиғаты: Энциклопедия / Бас ред. Б. Ө. Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2011. Т. З. — 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т. З.), ISBN 9965-893-19-5.
Дереккөздер
Санат:Айыртау ауданы көлдері