Саумалкөл, Ащыкөл – Нұра алабындағы тұзды көл.

Географиялық орны Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ақөре ауылынан оңтүстікке қарай 12 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 625,7 м биіктікте жатыр. Аумағы 4,5 км2, ұзындығы 2,8 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 10 км, ең терең жері 3,5 м, су сыйымдылығы 7,5 млн. м3, су жиналатын алабы 52 км2. Көл шарасында жыл бойы су болады. Жағалау бойы ашық əрі жазық. Шығыс жағалауы жарлауытты келген. Жауын-шашын жəне жер асты суларымен толысады. Қараша айының 3-онкүндігінде суы қатып, наурыз айының соңғы онкүндігінде ериді. Суы балыққа бай. Көл алабы мал жайылымына жəне шабындыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Бұқар жырау ауданы көлдері