Қараоба – Амантау тауларының оңтүстік-шығысындағы шоқы.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Айнабұлақ ауылының шығысында 15 км жерде орналасқан. Құланөтпес және Сыртқы өзендерінің аралығында жатыр.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 606 м, салыстырмалы биіктігі 106 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған шоқылар тізбегінен тұрады. Ұзындығы шамамен 10-11 км, енді жері 6 км. Беткейі көлбеу, маңында Тәнеке, Бақа, т.б. шоқылары мен Жантай, Шортанбай қыстаулары орналасқан.
Геологиялық құрылымы Тас көмір және девон гранитоидтарынан түзілген.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында тал, шілік аралас дала өсімдіктері өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары