Сарыоба – Алтыншоқысу тауларының орта тұсындағы тау, осы таулардың ең биік жері (249 м).

Географиялық орны Қызылорда облысы Арал ауданы Шоқысу темір жол айырмасынан (Ақтөбе облысы Шалқар ауданында) солтүстік-шығысқа қарай 13 км жерде орналасқан.

Геологиялық құрылымы Негізі палеозойда, кейіннен мезо-кайнозойда түзілген түпкі тау жыныстары жер бетіне жақын орналасқан. Олардың үстін неоген мен төрттік кезеңнің шөгінділері жауып жатыр. Таудың солтүстік-батыс беткейі тіктеу, қалғандары көлбеу жəне жатық келген.

Өсімдігі Шөл даланың құмдақты сұр, бозғылт сұр, құба топырағында жусан, изен, баялыш, бұйырғын, теріскен, т.б. шөптесіндер өскен. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс етегінде Байталының бұлағы жылғасы (жазда құрғап қалады) мен қонысы созылып жатыр.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Арал ауданы таулары