Қожа – Түнқатар тауының оңтүстік-батыс сілемі.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан.

Жер бедері Ең биік жері – 1117 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 7 км-ге созылған, енді жері 1,5-4 км. Тізбекті, жоталы, күмбез тәрізді таулардан тұрады. Беткейлері сай-жыралармен тілімделген.

Геологиялық құрылымы Соңғы тас көмір дәуірі және пермь гранитоидтарынан түзілген. Кей жерлерде түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатады.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында ақ селеу, сұлы, көде, т.б. өсімдіктер өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары