Қырғын – Қарағанды облысы Қарқаралы және Павлодар облысы Баянауыл аудандары аумағындағы өзен.
Бастауы Бастауын Желтау тауының оңтүстік баурайынан алып, Қарқаралы ауданы жерімен 9 км-дей ағады да, Баянауыл ауданында Ащысу өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 27 км. Су жиналатын алабы 162 км2. Қырғынның сағасына дейінгі құламалылығы 137 м, орташа еңістігі 51%. Өзеннің жоғарға ағысындағы алабының жер бедері 50-ден 400 м-ге дейінгі аласа таулар мен төбелерден тұрады. Аңғары орта ағысында 0,5-3 км аралығында. Жазда өзен қурап қалады. Суын мал суаруға пайдаланады.
Өсімдігі Алабының бозғылт қоңыр, қиыршықты қызғылт қоңыр топырағында далаға тән әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы өзендері Санат:Қарқаралы ауданы өзендері