‎ Саран бөгені — Қарағанды облысы Саран қаласынан солтүстікке қарай 2 км жерде орналасқан, Қарағанды өзені бойындағы су айдыны. 1974 жылы салынған. Ертіс-Қарағанды каналы суымен толығады.

Гидрологиялық сипаты Ұзындығы 2,9 км, ені 2 км, су айдынының аумағы 5,4 км². Бөгеннің су сыйымдылығы 11 млн. м³, ең терең жері 5,2 м, жағалау бойының ұзындығы 11,5 км. Суы Қарағанды резина-техникалық бұйымдар зауыты жəне т.б. кəсіпорындардың шаруашылық қажетіне пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы гидрографиясы