Иордания мәлігі () Иордания конституциясы бойынша ол мемлекет басшысы. Иорданиядағы монархия Ұлыбританияның көмегімен 1921 жылы енгізілді. Иордания конституциялық монархия болғанымен, мәлік айтарлықтай атқарушы және заң шығарушы билікке ие. Ол Иордания Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы және премьер-министр мен органдар директорларын тағайындайды. Ол сондай-ақ жоғарғы палата, Сенат және Конституциялық Сот мүшелерін тағайындайды.
Тарихы Хашемиттер әулетінен шыққан Хұсейін бен Әлидің ұлдары Ирак пен Иорданияның патшалары атанды. Абдалла ибн Хұсейін алғаш рет 1921 жылы 11 сәуірде Трансиорданияның әмірі болып тағайындалды, ал 1946 жылы 25 мамырда елге тәуелсіздік берілгендіктен, Хашимиттік Трансиордан Патшалығының мәлігі болып жарияланды. Елдің атауы 1948 жылғы араб-израил соғысынан кейін 1949 жылы 3 сәуірде Иордания Хашимит Мәліктігі болып өзгертілді.
Трансиордания әмірлерінің тізімі Сурет Аты Туған жылы Билей бастады Билеуін аяқтады Қайтыс болған жылы Байланысы 100px|center Абдалла IАбдалла ибн Хұсейін 1882 ақпан 1 сәуір 1921 25 мамыр 1946 20 шілде 1951(өлтірілді) 1946 жылы әмір атағын Иордания мәлігі атағына ауыстырды
Иордания мәліктерінің тізімі Сурет Аты Туған жылы Билей бастады Билеуін аяқтады Қайтыс болған жылы Байланысы 100px|center Абдалла IАбдалла ибн Хұсейін 1882 ақпан 25 мамыр 1946 20 шілде 1951(өлтірілді) 1921 жылға дейін - Трансиордания әмірі 100px|center ТалалТалал ибн Абдалла 26 ақпан 1909 20 шілде 1951 11 тамыз 1952(тақтан бас тартты) 7 шілде 1972 алдыңғының ұлы 100px|center НаифНаиф ибн Абдалла 14 қараша 1914 20 шілде 1951 8 қыркүйек 1951 12 қазан 1983 алдыңғының інісі; науқас Талал ағасы кезіндегі регент 100px|center ХұсейінХұсейін ибн Талал 14 қараша 1935 11 тамыз 1952 7 ақпан 1999 алдыңғының ұлы 100px|center Абдалла IIАбдалла ибн Хұсейін 30 қаңтар 1962 7 ақпан 1999 қазір аман сау алдыңғының ұлы
Лауазымда болудағы диаграмма
Дереккөздер
Санат:Иордания