Динамо Допты хоккей клубы — 1932-1995 жылдары допты хоккейден Алматы қаласының намысын қорғаған клуб.
Тарихы 1932 жылы "Динамо" еріктілер қоғамында құрылды. 1937 жылы бүкілодақтық аренада тұңғыш рет бақ сынады. 1954 жылы КСРО екінші тобында үшінші орын алды да, КСРО чемпионаттарында ойнауға мүмкіндік алды. 1964 жылы "Буревестниктің" орнына жоғары лиғада ойнайтын болды.
Командағы Эдуард Айрих бапкерлік еткен соң тіпті күшейді, 1966-81 жылдары КСРО чемпионатында 4-орыннан төмен түспеді. Ал 1977 жылы тұңғыш рет КСРО чемпионы атанды.
Айрих кеткен соң клубтың нәтижелігігі төмендеді. Бірақ тізгінді Свердловск хоккейінің түлегі Борис Александрович Чехлыстов ұстаған соң қайта күйшейді.
1990 жылғы маусым клуб үшін сәтті болды. Бірақ соңғы турдың алдында басты қарсыластары "Енисейден" сырт алаңда 1:3 есебімен ұтылды да, "Енисейдің" бұларға жетуіне бір ғана ұпай қалды. Соңғы турда Архангельскінің "Воднигін" қабылдаған алматылықтар 76-минутқа дейін гол соға алмады. Тек осы минутта ғана есеп ашылып, иықтарынан жүк түскендей болды. Бұдан кейін тағы екі гол соғып, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша 1990 жылы екінші рет КСРО чемпионы атанды. "Енисейдің" 10 жылдық (1979-89) чемпиондық гегемониясын тоқтатты.
КСРО тараған соң Ресей чемпионатына қатысты. Бірақ нарық дәуірі клуб тағдырына әсер етпей тұрмады, 1994/95 жылғы маусым барысында қаржы қиындығынан жабылып қалды.
Жетістіктері
КСРО чемпионы: 1977, 1990 Еуропа чемпиондары кубогы (1) — 1978
Атақты бапкерлері
Эдуард Айрих Борис Чехлыстов
Атақты ойыншылары
Евгений Агуреев 1974—1984 Миннеула Азизов 1974—1984 Яков Апельганец 1965—1980 Валерий Бочков 1965—1978 Казбек Байбулов 1963—1968 Юрий Варзин 1965—1974 Алексей Загарских 1991—1993 Фарид Зигангиров 1973—1976 Александр Ионкин 1967—1985 Борис Казанцев 1963—1966 Валентин Семёнов 1964-1966 Александр Лапотко 1982—1985 Леонид Лобачёв 1971—1978 Геннадий Любченко 1967—1978 Валерий Мозгов 1965—1969 Алексей Никишов 1983—1993 Сергей Смольников 1983—1993 Владислав Новожилов 1988—1994 Сергей Обухов 1991—1992 Вячеслав Панёв 1966—1977 Юрий Парыгин 1964—1969 Владимир Пахомов 1976—1982 Сергей Семёнов 1979—1982 Юрий Фокин 1963—1965 Игорь Хандаев 1966—1969 Борис Чехлыстов 1964—1983 Ринат Шамсутов 1990—1993 Николай Шмик 1970—1995 Александр Шулепов 1964—1975
Сілтемелер Санат:Қазақстан допты хоккей клубтары Санат:Алматы спорт клубтары Санат:1995 жылы жабылған допты хоккей клубтары