Михаил Иванович Ничепуренко (27 желтоқсан 1955 жыл, Новокуйбышевск, РСФСР, КСРО) — КСРО-лық көгалдағы хоккейші.
Карьерасын туған қаласындағы "Нефтяник" клубында бастап, 1975 жылы Алматының "Динамо" көгалдағы хоккей клубына ауысты. 1988 жылы карьерасын аяқтады. КСРО құрамасы сапында 193 ойын өткізіп, 46 гол соқты. 1980 және 1988 жылғы жазғы Олимпиадаға қатысты.
1990-94 жылдары "Динамо" клубын, 1993 жылы Қазақстан көгалдағы хоккей құрамасын жаттықтырды.
Жетістіктері
КСРО чемпионы: (1976—1979, 1981—1988) Еуропа чемпиондары кубогы: 1982, 1983 Құрлықаралық кубок: 1981
Сілтемелер
https://www.olympedia.org/athletes/20324
Санат:Алфавит бойынша көгалдағы хоккейшілер Санат:27 желтоқсанда туғандар Санат:1955 жылы туғандар Санат:КСРО көгалдағы хоккейшілері Санат:Динамо Алматы КХК ойыншылары Санат:Динамо Алматы КХК жаттықтырушылары Санат:Қазақстан көгалдағы хоккей құрамасының жаттықтырушылары Санат:1980 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері