Қособа – Кіші Борсық құмының солтүстік-батысындағы шоқы.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жылан темір жол стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 327 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-ге созылған, енді жері 7 км. Беткейі жонды қырқалардан тұрады. Солтүстігінде Мойынқұм құмы, шығысында Құлболды шоқысы орналасқан.
Өсімдігі Сұрғылт топырақ жамылғысында жусан, бұйырғын, күйреуік, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шалқар ауданы таулары