ЦСКА Киев футбол клубы — Украина чемпионаттарында 2009 жылға дейін ойнаған футбол клубы. 1934 жылы құрылып, 2009/10 жылғы маусымда Украина екінші лигасында төрт турға қатысты да, тарап кетті.
Клуб 1934 жылы Харьковте құрылды. 1972-76 жылдары базасы Черниговқа ауысты. 1976 жылы Киевке көшті.
1995-2002 жылдары Украина жоғары лигасында ойнады. Ең жоғары көрсеткіші — 1995/96 жылғы маусымдағы төртінші орын. КСРО дәуірінде төрт рет УКСР чемпионы атанды.
Жетістіктері
Украин КСР
Чемпионат Чемпион (4): 1949, 1951, 1980, 1983 2-орын (5): 1946, 1964, 1965, 1977, 1979 Кубок Жеңімпаз (1): 1976
Украина
Кубок Финалист (2): 1998, 2001
Атаулары
1934: УВО (Харьков) 1934—1945: УДКА 1946: «Дом офицеров» 1947: ОДО 1948—1953: «Дом офицеров» 1954—1956: ОДО 1957: ОСК 1957—1959: СКВО 1960—1971: СКА 1972: Чернигов 1972—1976: «Чернигов» 1976—1992: СКА 1992—1993: ВС «Орияна» 1993—1994: ЦСК ВСУ 1994—1995: ЦСКА 1995—1996: ЦСКА «Борисфен» 1996 — 2009: ЦСКА
Санат:Украина футбол клубтары Санат:2009 жылы жабылған футбол клубтары