Анатолий Иванович Бельский (2 мамыр 1961 жылhttp://footballfacts.ru/players/109140 , Қаратау, Қазақ КСР, КСРО) — КСРО және Қазақстан футболшысы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы Бүкіл карьерасын түгел дерлік "Таразда" өткізді. Тек 1982 жылы бір маусым "Қайратта" ойнап, КСРО жоғары чемпионатында өнер көрсетті. Қайрат сапындағы жалғыз голын 27 шілдеде "Зениттің" қақпасына соқты (2:3).
Футбол ойнауды доғарған соң көптеген клубтарда бапкер көмекшісі ретінде қызмет атқарды. 2010 жылы "Тараздың" бас бапкері боп бір маусым клубты жаттықтырды.
Жетістіктері
Қазақстан кубогының финалисі: 1992, 1993
Дереккөздер
Сілтемелер Қазақстан мергендер клубы Бельский "Тараздың" басс бапкері боп тағайындалды
Санат:КСРО футболшылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары Санат:Тараз ФК жаттықтырушылары