Филиппо Индзаги (; 9 тамыз 1973 жылFilippo Inzaghi 2011.jpg, Пьяченца, Италия) — италиялық футболшы, шабуылшы. 2006 жылғы әлем чемпионы. Інісі Симоне Индзаги де футболшы, футбол жаттықтырушысы.

Мансабы Клубтық Карьерасын 1991 жылы туған қаласындағы "Пьяченса" клубында бастады. 1991-97 жылдар аралығында еш клубқа тұрақтамай, жиі команда ауыстырумен болды. 1997 жылы "Ювентусқа" шақырылды. "Ювентус" сапында тәп-тәуір ойнап, үш маусымда 100-ден аса ресми ойында алаңға шықты. Алғашқы маусымда-ақ Италия чемпионатының үздік мергені атанды.

2001 жылы "Миланға" шақырылды.

2007 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында Индзаги соққан екі доптың арқасында "Милан" 2:1 есебімен "Ливерпульді" ұтты. Индзаги осы матчтың үздік ойыншысы атанды.

2012 жылы карьерасын аяқтады.

Ұлттық құрама 1997-2007 жылдар аралығында Италия құрамасында ойнады. 1998 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңнің үшінші турында Аустрияның қақпасына бір гол соқты (2:1).

2000 жылғы Еуропа чемпионатының ширек финалында Румынияның қақпасына бір гол соқты (2:0).

2003-06 жылдары құрамаға мүлде шақырылмады. Соған қарамастан 2006 жылғы әлем чемпионатына баратын футболшылардың тізіміне қосылды. Топтық турнирдің соңғы кездесуінде Чехияның қақпасына бір гол соқты.

Жетістіктері

Клубтық

«Ювентус»

Италия чемпионы: 1998 Интертото кубогы: 1999 Италия суперкубогы 1997

«Милан»

Италия чемпионы (2): 2004, 2011 Италия кубогы: 2003 Чемпиондар Лигасы (2): 2003, 2007 УЕФА Суперкубогы (2): 2003, 2007 Клубтар арасындағы әлем чемпионы: 2007

Сборная Италии

Жастар арасындағы Еуропа чемпионы (21): 1994 Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 2000 Әлем чемпионы: 2006

Личные

Италия чемпионатының үздік мергені: 1997 Италия чемпионатының үздік жас футболшысы: 1997

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Пьяченса ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Италия футбол жаттықтырушылары Санат:Милан ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Эллас Верона ФК ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары