Рамазан Сарлыбекұлы Оразов (1998 жылы 30 қаңтарда туған, Алматы) — қазақстандық футболшы, "Силькеборг" клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы. 2018 және 2019 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, 2018 жылғы Қазақстан кубогының иегері.

Карьерасы Клубтық Қайраттықтардың негізгі құрамында тұңғыш рет 2018 жылы 31 қазан күні "Қызылжарға" қарсы ойында алаңға шықты.http://footballfacts.ru/matches/2701067-1-2 Бұл осы маусымдағы жалғыз ойыны болатын. Қалған уақыттарда "Қайрат Жастары" клубы сапында ойнады.

2019 жылы 17 шілдеде Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Еуропа Лигасында "Широки Бриег" қақпасына еурокубоктердегі алғашқы голын соқты. Бұл ойында "Қайрат" 2:1 есебімен жеңіске жетіп, екінші кезеңге өтті.

2020 жылы көктемде Латвияның "Даугавпилс" клубына ауысты. Бірақ 22 жастағы футболшы ол жақта өзін көрсете алмай, қосалқы құрамда отырып қалды.

2020 жылы 27 тамызда Ресейдің "Чайка" клубымен келісім шарт жасасты.https://aladop.kz/post/ramazan-orazov-reseilik-klubqa-auysty-39483/

2023 жылы "Тобыл" сапында УЕФА Конференциялар лигасындағы тұңғыш голын соқты. Екінші раундта "Базель" қақпасына алыстан әдемі гол енгізді, сондай-ақ осы ойында пенальти соға алмады, "Тобыл" 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық құрамы 2018 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында үш кездесуде алаңға шықты.

2019 жылы ақпан айында Қазақстан құрамасының жаңа бапкері Михал Билек Молдоваға қарсы жолдастық кездесуге шақырды. Бірақ Рамазан алаңға шықпады.

2021 жылы 31 наурызда Украинаға қарсы ӘЧ-2022 іріктеу ойынында тұңғыш рет ұлттық құрама намысын қорғады.

Жетістіктері Командалық Қазақстан кубогы: 2018, 2019 Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2018, 2019 Қазақстан суперкубогының финалисі: 2019

Ұлттық құрамадағы ойындары №ДатаМатчМин.131.03.2021 Украина - 1:145ӘЧІ201.09.2021 Украина - 2:21ӘЧІ304.09.2021 Финляндия - 0:162ӘЧІ407.09.2021 Босния және Герцеговина - 2:28ӘЧІ509.10.2021 Босния және Герцеговина - 0:212ӘЧІ603.06.2022 Әзірбайжан - 2:045УҰЛ706.06.2022 Словакия - 1:058УҰЛ810.06.2022 Белоруссия - 1:166УҰЛ913.06.2022 Словакия - 2:118УҰЛ1022.09.2022 Белоруссия - 2:174УҰЛ1125.09.2022 Әзірбайжан - 0:379УҰЛ1216.11.2022 Өзбекстан - 0:267ЖО1323.03.2023 Словения - 1:290ЕЧІ1426.03.2023 Дания - 3:290ЕЧІ1516.06.2023 Сан-Марино - 3:090ЕЧІ1619.06.2023 Солт Ирландия - 1:080ЕЧІБары88516

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі. footballfacts.ru

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Даугавпилс ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Ақсу (Ақсу) ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Копер ФК ойыншылары Санат:Силькеборг ФК ойыншылары