Марин Томасов (; 1987 жылы 31 тамызда туған, Задар, Хорватия, Югославия) — хорватиялық футболшы, "Астана" клубының жартылай қорғаушысы.
Мансабы Клубтық Хорватияның бес дүркін вице-чемпионы, 2017 жылы "Астанаға" ауысқан соң қатарынан үш жыл Қазақстан чемпионы атанды және екі рет Қазақстан суперкубогына қол жеткізді. Оған дейін Хорватияның "Задар", "Хайдук Сплит", "Риека", Германияның "Мюнхен-1860" клубтарында доп тепті.
2019 жылы 19 голмен "Қайрат" футболшысы Адеринсоламен бірге Қазақстан чемпионатының үздік мергені атанды.
Ұлттық құрама Хорватияның жастар құрамасында 9 ойын өткізді, ал ұлттық құрамада бір рет қана алаңға шығып, қайтадан шақырылмады.
Жетістіктері
Клубтық
«Хайдук» (Сплит)
Хорватияның күміс жүлдегері (3): 2010, 2011, 2012 Хорватия кубогы: 2010
«Риека»
Хорватияның күміс жүлдегері (2): 2015, 2016
«Ан-Наср» (Эр-Рияд)
Сауд Арабиясы ханзадасы мұрагері кубогының финалисі: 2016/17
«Астана»
Қазақстан чемпионы (2): 2017, 2018, 2019 Қазақстан суперкубогы (2): 2018, 2019
Жеке
Қазақстан чемпионатының үздік мергені: 2019
Сілтемелер Профилі - transfermarkt.com Астана ФК ресми сайтындағы профилі
Санат:Хорватия футболшылары Санат:Хорватия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Хайдук Сплит ФК ойыншылары Санат:Мюнхен-1860 ФК ойыншылары Санат:Риека ФК ойыншылары Санат:Әл-Наср Эр-Рияд ФК ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары