Беньямин Вербич (; 27 қараша 1993 жыл, Целе, Словения) — словениялық футболшы, "Динамо" (Киев) клубы мен Словения Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы.

Мансабы Туған қаласындағы "Целе" клубының түлегі саналады. Алғашқы ойынын 2011 жылы 29 мамырда "Приморьяға" қарсы өткізді. Тұңғыш голын 2012 жылы 3 сәуірде Люблянаның "Олимпия" қақпасына енгізді.

2012 жылы тамыз айында "Шампион" клубына жалға беріліп, ол жақта бір маусым ойнап, үш рет қана алаңға шықты. 2015 жылы Данияның "Копенгаген" клубына ауысты. Екі маусым қатарынан Дания чемпионы атанды.

2017/18 жылғы Чемпиондар Лигасының іріктеуінде "Жилина" (Словакия) қақпасына гол соқты. Осы голдың арқасында "Копенгаген" плей-офф кезеңіне жетті.

2017 жылы желтоқсанда "Динамо" (Киев) командасына ауыстыhttp://www.fcdynamo.kiev.ua/ru/allnews/news/bendzhamin_verbich_gravets_fk_dinamo_kiiv/.

Жетістіктері

«Копенгаген»

Дания чемпионы (2): 2015/16, 2016/17 Дания кубогы (2): 2015/16, 2016/17

«Динамо»

Украина суперкубогы (1): 2018, 2019, 2020 Украина суперкубогы: 2019/20 Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:27 қарашада туғандар Санат:Словения футболшылары Санат:Словения Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Целе ФК ойыншылары Санат:Шампион ФК ойыншылары Санат:Копенгаген 1992 ФК ойыншылары Санат:Динамо Киев ФК ойыншылары