Данияр Рамазанұлы Каленов (1993 жылғы 2 шілде, Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Сәбит Мұқанов ауылы) — қазақстандық кәсіби балуан. 2017 жылғы Жабық ғимараттағы және жекпе-жек өнері бойынша Азия ойындарының чемпионы, Еуропа және әлем чемпионы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

Білімі Данияр Рамазанұлы 1–5-сыныптар аралығында Сәбит Мұқанов ауылындағы мектепте білім алған. Кейін кәсіби түрде спортпен шұғылдану мақсатында Петропавл қаласындағы спорт мектебіне оқуға түсіп, 6–11-сыныптар аралығында сонда білім алған.

Мектепті аяқтағаннан кейін жоғары оқу орнының дене шынықтыру факультетіне сырттай бөлімге оқуға түсті. Қазіргі уақытта заңгер мамандығы бойынша білім алуда.

Отбасы Каленов Данияр Рамазанұлы қарапайым отбасында дүниеге келген. Анасы — Каленова Айнагүл Жақсылыққызы (1964 жылғы 19 қазан), үй шаруасымен айналысады. Әкесі — Каленов Рамазан Қапарұлы (1963 жылғы 15 сәуір), жөндеу жұмыстарымен айналысады.

Жетістіктері Жарыстар Жылы Өткен жері Марапаттары Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 2012 Қазақстан, Алматы қ. Қола Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 2013 Тайланд, Пхукет қ. Қола Жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир чемпионаты 2013 Латвия, Рига қ. і Қатысу Жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир чемпионаты 2013 Әзербайжан, Баку қ. Қола Жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир чемпионаты 2017 Грузия, Тбилиси қ. Алтын Президент кубогы 2013 Қазақстан, Астана қ.Қола Болат Тұрлыханов кубогы 2017 Қзақстан, Алматы қ. Алтын Жабық түрдегі Азия ойындарының чемпионаты 2017 Түркіменстан, Ашхабат қ. Алтын, СҚО әкімінен пәтер Болат Тұрлыханов кубогы 2018 Қазақстан, Алматы қ. Қола.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан балуандары