«Реймс» () — Франциядағы кәсіпқой футбол клубыhttp://www.stade-de-reims.com/club/histoire.php . 1931 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын "Стад Огюс Делоне" стадионында өткізеді. 2017/18 жылғы маусымда Францияның екінші лигасында жеңімпаз атанды да бірінші лигаға жолдама алды. Францияның алты дүркін чемпионы.
Екі рет УЕФА чемпиондар кубогының финалына шығып, екеуінде де Мадридтің "Реалынан" ұтылып қалды — 1956 жылы 3:4, 1959 жылы 0:2 есебімен.
Жетістіктері
Ұлттық
Франция чемпионаты Чемпион (6): 1948/49, 1952/53, 1954/55, 1957/58, 1959/60, 1961/62 2-орын (3): 1946/47, 1953/54, 1962/63 3-орын (4): 1947/48, 1949/50, 1956/57, 1960/61 Франция кубогы Жеңімпаз (2): 1950, 1958 Финалист (1): 1977 Лига кубогы Жеңімпаз (1): 1991 Франция суперкубогы Жеңімпаз (4): 1955, 1958, 1960, 1966
Халықаралық
Чемпиондар кубогы Финалист (2): 1956, 1959
Латын кубогы
Жеңімпаз (1): 1953
Соңғы жылдардағы бапкерлері 1 07. 2005 – 30.06. 2007Тьерри Фрогер1 07. 2008 – 25. 12. 2008Дидье Цолот25. 12. 2008 – 30. 06. 2009Луис Фернандес24. 06. 2009 – 24. 05. 2010Марк Коллат1 .07. 2010 – 30. 06. 2014Хюберт Форнер 07. 2014 – 5. 04. 2015Жан-Луис Вассур5. 04. 2015 – 2016Оливер Киган
Атақты ойыншылары Жақша ішінде — «Реймсте ойнаған жылдары» Альбер Баттё (1937—1950) Робер Жонке (1945—1960) Арман Пенверн (1947—1959) Мишель Леблон (1949—1961) Фернандо Риэра (1950—1952) Раймон Копа (1951—1956, 1959—1967) Мишель Идальго (1954—1957) Жан Венсан (1956—1964) Жюст Фонтен (1956—1962) Доминик Колонна (1957—1963) Роже Пьянтони (1957—1964) Бруно Родзик (1957—1964) Люсьен Мюллер (1959—1962) Делио Оннис (1971—1973) Карлос Бьянки (1973—1977, 1984—1985) Сантьяго Сантамария (1974—1979) Гжегож Крыховяк (2012—2014)
Дереккөздер
Сілтемелер Ресми сайты Франция чемпионаты stadedereimstv.com Бас бапкерлері
Санат:Франция футбол клубтары Санат:1931 жылы құрылған футбол клубтары Санат:Реймс ФК