Пак Сын Дин (; 11 қаңтар 1941 жыл — 5 тамыз 2011 жыл) — солтүстік кореялық футболшы, жартылай қорғаушы. КХДР Ұлттық футбол құрамасында 1965-73 жылдары ойнаған.

Карьерасы

Клубтық Бүкіл карьерасында бір ғана клубта — Пхеньянның "Моранбон" клубында доп тепті.

Ұлттық құрама 1966 жылғы әлем чемпионатына қатысып, екі голдың авторы атанды. Оның бірін екінші турда Чили қақпасына соқты. Бұл әлем чемпионаттары тарихындағы 700-ші гол болатын. Екінші голын 1/4 финалда Португалияның қақпасына 23-ші секундта енгізді. Бұл осы чемпионаттағы ең жылдам гол ретіннде тарихта қалдыhttp://www.sport-express.ru/newspaper/2002-07-01/5_1/. Бұл ойында Солтүстік Корея 3:5 есебімен ұтылып қалды.

Кейінгі жылдары Карьерасын аяқтаған соң бапкерлікпен айналысып, КХДР чемпионатының бірінші дивизионындағы командаларды аз уақыт жаттықтырды. ХХ ғасырдың басында Пак Сын Дин "Олардың өміріндегі ойын" атты деректі фильмнің түсіріліміне қатысты. Онда КХДР құрамасының 1966 жылғы әлем біріншілігіндегі матчтары жайлы әңгімеленеді.

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Профилі

Санат:11 қаңтарда туғандар Санат:Солтүстік Корея футболшылары Санат:Моранбон ФК ойыншылары Санат:5 тамызда қайтыс болғандар Санат:КХДР Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары