Өгем (өзб. Ugom, Угом) – Қазақстан және Өзбекстандағы тау өзені. Шыршық өзенінің ірі салаларының бірі.
Сипаттамасы 250 px|thumb|left|Шыршыққа құятын тұсыӨзеннің ұзындығы 68,5 км. Су алабының ауданы 869 км²Географические и гидрологические характеристики (по материалам справочника «Ресурсы поверхностных вод СССР») . Бастауын Түркістан облысы Төле би ауданындағы Өгем жоталарынан алады. Теңіз деңгейінен 2600 м-дей биіктіктегі бірнеше бұлақтардың қосылуымен іріленіп, тау қойнауымен ағып, бағытын түстікке бұрады.
Құлап аққандықтан, ағысының жылдамдығы жоғары. Өгем орман шаруашылығының етек жағындағы ағыс жылдамдығы 1,6 м/с. Одан да төменіректегі ағысы 2,6 м/с-қа дейін жетеді.
Төменгі ағысында Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасын кесіп өтеді. Шекарадан өткен соң Бостандық ауданының аумағымен ағады. Шарбақ су электр станциясына таяу жерде Шыршық өзеніне құяды.
Жағасындағы елді мекендер Өзен тау-тасты аралап аққандықтан жағасында адам тұратын елді мекендер аз. Өзбекстан аумағанда бірнеше пансионаттар мен балаларға арналған жазғы лагерлер орналасқан. Сондай-ақ Хумсан курортты кенті бар.
Дереккөздер
Әдебиет Угом — Национальная энциклопедия Узбекистана. — Ташкент, 2000—2005. (узб.)
Санат:Төле би ауданы өзендері Санат:Өзбекстан өзендері Санат:Шыршық саласы