Темірбек Жүргенов ауылы (2016 жылға дейін — Мақпалкөл)Жалағаш ауданының Мақпалкөл ауылын қайта атау туралы — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, Мақпалкөл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Жалағаш кентінен оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2227 адам (1097 ер адам және 1130 әйел адам) болса, 2009 жылы 1921 адамды (996 ер адам және 925 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдары қаланған. Алғашында «Қыша», «ТОЗ» артельдері болып ұйымдасқан. 1938 жылы «Еңбекші» және «Бозарық» серіктестіктері бірігіп «Мақпалкөл» ұжымшарын құрды. 1963 жылы «Жаңаталап» және «Ленин» ұжымшарлары негізінде «Жаңаталап» кеңшары құрылды. 1997 жылдан кеңшар негізінде Мақпалкөлде және округке қарасты Жаңаталап ауылдарында ЖШС, бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Дереккөздер

Санат:Жалағаш ауданы елді мекендері