Питер Роберт (Роб) Ренсенбринк (; 3 шілде 1947 жыл, Амстердам, Нидерланд — 24 қаңтар 2020) — нидерланд футболшысы. Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының экс-шабуылшысы. 1974, 78 жылдары әлемнің күміс жүлдегері атанды. 1976 жылғы Еуропа чемпионатына, 1980 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуіне қатысты.
Футболшы жайлы фактілер
Әлем чемпионаттарында хет-трик жасаған жалғыз нидерландылық футболшы. 1978 жылы Иранның қақпасына үш гол соқты. 40-шы минутта соққан пеналтиі әлем біріншіліктері тарихындағы 1000-шы гол боп тіркелді. Ұлттық құрама сапындағы тұсаукесер ойынын 1968 жылы 30 наурызда Шотландияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Ұлттық құрамадағы соңғы ойынын 1979 жылы 2 мамырда Польшаға қарсы өткізді, бұл ЕУРО-1980 іріктеу турнирі еді.
Жетістіктері
Командалық Ұлттық құрама
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2): 1974, 1978 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 1976
«Брюгге»
Бельгия кубогы: 1969/70
«Андерлехт»
Бельгия чемпионы (2): 1971/72, 1973/74 Бельгия кубогы (4): 1971/72, 1972/73, 1974/75, 1975/76 Кубок иелері кубогы (2): 1975/76, 1977/78 Еуропа суперкубогы (2): 1976, 1978
Жеке "Күміс доп" иегері: 1976 "Қола доп" иегері: 1978 ФИФА 100 Onze Mondial таңдауы бойынша Еуропадағы жыл футболшысы: 1976 Бельгиядағы жыл футболшысы: 1976 Бельгия чемпионатының мергені: 1973 Кубок иелері кубогының үздік мергені: 25 голов
Сілтемелер Футболшының профилі Санат:Нидерланд футболшыларыСанат:Брюгге ФК ойыншылары Санат:Андерлехт ФК ойыншылары Санат:Тулуза ФК ойыншылары