Теодорюс (Тео) Якоб де Йонг (; 11 тамыз 1947 жыл, Леуварден, Нидерланд) — нидерланд футболшысы, жартылай қорғаушы. 1974 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Ұлттық құрамада Нидерланд құрамасында тұңғыш рет 1972 жылы 16 ақпанда Грекияға қарсы ойнады. Алғашқы голын сол жылы 1 қарашада ӘЧ-1974 іріктеуінде Норвегияның қақпасына енгізді. Ұлттық құрама сапында үш доп соқты, соның бірін 1974 жылғы әлем біріншілігінде Болгариямен ойында (4:1) енгізді. Чемпионатта Де Йонг төрт кездесуде алаңға шықты. Чемпионаттан соң үш кездесуде ойнады да, қайтадан ұлттық құрама сапында ойнаған жоқ. Соңғы рет 1974 жылы 9 қазанда Швейцариямен өткен жолдастық ойында өнер көрсетті.

Футболшылық карберасынан соң бапкерлікпен айналысты.

Жетістіктері Командалық

Ұлттық құрама

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1974

«Фейеноорд»

Нидерланд чемпионы: 1974 Нидерланд чемпионатының күміс жүлдегері (3): 1973, 1975, 1976 УЕФА кубогы: 1973/74

Сілтемелер Профилі Статистикасы Статистикасы

Санат:Нидерланд футболшылары Санат:НЕК ФК ойыншылары Санат:Фейеноорд ФК ойыншылары Санат:Рода ФК ойыншылары Санат:Де Босх ФК ойыншылары Санат:Нидерланд футбол жаттықтырушылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары