Деннис Николас Мария Бергкамп ( ; 10 мамыр 1969, Амстердам) — нидерланд футболшысы, шаубыл шебінде ойнаған, қазіргі күнде бапкер.

Мансабы Клубтық мансабы Ә дегенде жартылай қорғаныста ойнаған, кейін шабуылдаушы жартылай қорғаушы амплуасына көшті, сосын нағыз шабуылшының өзі болды. Кей мамандардың пікірінше, Бергкам тарихтағы ең техникасы мықты футболшы. 1986 жылы кәсіпқой карьерасын өз туған клубы "Аяксте" бастады. 1986 жылы 14 желтоқсанда "Родамен" ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Тұңғыш голын 1987 жылы 22 ақпанда "Харлем" клубының қақпасына енгізді. Секенінші жылдардың соңында-ақ негізгі құрамға толық орнығып алды.

Тоқсаныншы жылдардың басында Бергкамты сатып алғысы келетін клубтар көбейіп кетті. Ұстазы Йохан Кройф оған "Реал Мадридте" ойнамауға кеңес берді де, мадридтік клубтың ұсынысын қабылдамады. Ақыры 1993 жылы жазда Италияның "Интер" клубын таңдады. Жаңа клубында Бергкамп екі маусымдай ойнады. Тұңғыш голын қыркүйек айында "Кремонезенің" қақпасына енгізді. 1994 жылы "Интер" УЕФА кубогын ұтып алды. Бергкамп осы турнирдің үздік мергені атанды.

1994-95 жылғы маусымда Бергкамптың клубтағы көрсеткіші төмендеп кетті де, негізгі құрамнан ақырындап шеттетіле бастады. Маусым соңында клубтан кететінін мәлімдеп, 1995 жылы маусым айында Лондонның "Арсеналымен" келісім шартқа отырды.

"Арсенал" клубына сіңіп кету үшін көп уақыт керек болды. 1996 жылы клубқа Арсен Венгер келді де, Бергкамп енді оның тұсында жаңа шабытпен ойнай бастады. Клубтың негізгі ойыншысына айналып, жаңа ғасырға дейін сол деңгейінен түскен жоқ. Кейін командаға Тьерри Анри мен Сильвен Вильтор келген соң ғана жасы отыздан асқан Бергкамп негізгі құрамдағы орнын жоғалта бастады.

2003 жылы 4 қаңтарда "Арсенал" сапындағы 100-ші голын енгізді.

2005/06 жыл Бергкамптың соңғы маусымы болды. 2006 жылы 22 шілдеде қоштасу ойынын өткізді. Онда "Арсенал" мен "Аякстың" жұлдыздары бір-біріне қарсы ойнады.

Ұлттық құрамада 1989 жылы 21 жасқа дейінгі жастар құрамасында ойнады. Ал негізгі құрамада тұңғыш рет 1990 жылы 26 қыркүйекте Италиямен ойында алаңға шықты. Тұңғыш голын сол жылы қарашада Грекияның қақпасына соқты.

Бергкамп ЕУРО-1992, ӘЧ-1994, ЕУРО-1996, ӘЧ-1998, ЕУРО-2000 турнирлеріне қатысты. 1992, 2000 жылдары Еуропаның қола жүлдегері атанды. Құрама сапында жалпы 79 ойын өткізді. ЕУРО-2000 турнирінде Нидерланд құрамасы жартылай финалда Италиядан ұтылып қалды да, осы кездесуден соң Бергкамп ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтады.

Әуефобия 1989 жылы Бергкамптың жақын досы Вирджелл Юманкхан әуе апатынан қайтыс болады. Осы рейске Бергкамп соңғы сәтте ғана ұшудан бас тартқан екен. Содан бері ұшаққа мүлде мінбей кетіпті. Бірақ 1994 жылы әлем біріншілігіне қатысу үшін амалсыз АҚШ-қа ұшақпен баруға мәжбүр болады.

Осы фобиясына орай Нидерланд құрамасы мен "Арсенал" клубы сырт алаңдағы көптеген ойындарына Бергкампсыз барыпты. Кей ойындарға Бергкамптың өзі жеңіл көлігімен де барған кездері де болған.

Жетістіктері

Командалық «Аякс»

Кубок иелері кубогы: 1987 Нидерланд кубогы: 1987, 1993 Нидерланд чемпионы: 1990 УЕФА кубогы: 1992

«Интернационале»

УЕФА кубогы: 1994

«Арсенал»

Англия чемпионы: 1998, 2002, 2004 Англия кубогы: 1998, 2002, 2003, 2005 Англия суперкубогы: 1998, 1999, 2002, 2004

Жеке

Нидерландтағы жылдың талантты футболшысы (1): 1990 Нидерланд жыл футболшысы (2): 1991, 1992 Нидерланд чемпионатының үздік футболшысы (3): 1990/91, 1991/93, 1992/93 Еупопа чемпионатының үздік мергені (1): 1992 УЕФА кубогының үздік мергені (1): 1993/94 Премьер-Лигадағы ай футболшысы (4): тамыз 1997, қыркүйек 1997, наурыз 2002, ақпан 2004 ФИФА 100

Сілтемелер Статистикасы Профилі Профилі Arseweb.com Статистикасы wereldvanoranje.nl

Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары