Хуан Фернандо Кинтеро Паниагуа (; 18 қаңтар 1993 жыл, Медельин, Колумбия) — колумбиялық футболшы. Аргентинаның "Ривер Плейт" клубы мен Колумбия Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы. 2014, 2018 жылдары әлем чемпионатына қатысқан.

Халықаралық карьерасы Ұлттық құрама сапында 2012 жылы 17 қазанда Камерунмен жолдастық ойында тұңғыш рет алаңға шықты. 2013 жылдың басында Колумбия жастар құрамасында әлем чемпионатына қатысты. Бұл турнирде бес гол соқты.

2014 жылы әлем чемпионатына қатысып, Кот-д’Ивуар құрамасының қақпасына гол соқты. Бұл кездесуде оңтүстік америкалықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.

2018 жылы да әлем чемпионатына қатысты, алғашқы турда Жапонияның қақпасына гол соғып, есепті теңестірді, бірақ Колумбия 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Жетістіктері

Командалық «Порту»

Португалия суперкубогы — 2013

"Ривер Плейт"

Либертадорес кубогы 2018

Сілтемелер Профилі Профилі

Санат:Колумбия футболшылары Санат:Порту ФК ойыншылары Санат:Колумбия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Атлетико Насьонал ФК ойыншылары Санат:Пескара ФК ойыншылары Санат:Ренн ФК ойыншылары Санат:Индепендьенте Медельин ФК ойыншылары Санат:Ривер Плейт ФК ойыншылары