«Эрнст Хаппель» (нем. Ernst-Happel-Stadion) — Вена қаласындағы футбол стадионы. Аустрия Ұлттық футбол құрама командасы өз алаңындағы матчтарын өткізеді.

Тарихы Құрылысы 1931 жылы 11 шілдеде аяқталды. Аустриядағы ең үлкен арена. 1992 жылға дейін "Пратерштадион" деп аталып келді. 1992 жылы аустриялық ең танымал бапкер Эрнст Хаппельдің есімі берілді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Аустрияны Германия жаулап алған соң, стадион тұтқындарды қамау орнына айналды.

"Аустрия" мен "Рапид" клубтары еуротурнирлердегі матчтарын осында өтікзеді. Себебі, өз стадиондары мұндай халықаралық жарыстарды өткізуге тым кішілік қылады.

2008 жылғы Еуропа чемпионаты қарсаңында күрделі реконструкция жасалды. Оған 36, 9 млн. еуро жұмсалды.

Cтадионда өткен ірі жарыстар мен матчтар Жеңіл атлетикадан Еуропа чемпионаты, 1938 УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы, 1964, 1987, 1990, 1995 Кубок иелері кубогының финалы, 1970 Футболдан Еуропа чемпионаты, 2008

Панорама 1000px|

Сыртқы сілтемелер allstadium.org сайтындағы стадионның профилі

Санат:Стадиондар Санат:Аустрия футбол стадиондары