2004 жылғы Еуропа чемпионатының шешуші матчы. 2004 жылы 4 шілдеде Лиссабондағы "Эштадиу да Луж" аренасында өтіп, Португалия мен Грекия құрамалары кездесті. Ойынның 57-минутында грекиялық 23 жасар шабуылшы Ангелос Харистеас бұрыштан берілген допты баспен ұрып, есеп ашты. Осы гол гректерге жеңіс әперді. Грекия өз тарихында бірінші рет Еуропа чемпионы атанды.

Матч туралы фактілер

Финалда ойнаған қос құрама да бұрын соңды әлем чемпионатының да, Еуропа чемпионатының да финалына шықпаған-ды.

Еуропа чемпионаттарының тарихында бірінші рет беташар матчта бақ сынасқан құрамалар финалда қайта кездесті. Ашылу салтанатынан кейінгі матчта да гректер 2:1 есебімен португалдарды ұтқан-ды.

Грекия құрамасының капитаны Теодорос Загоракис матчтың ең үздік футболшысы атанды. Жеңімпаздарға кубокты УЕФА президенті Леннарт Юханссон тапсырды. Бұл оның соңғы тапсыруы еді. Келесі Еуропа чемпионатының финалына дейін президент ауысып кетті.

Матч Протокол

Ққ 1 РикардуҚр 13Мигел Қр 16Рикарду КарвальюҚр 4 Жорже АндрадеҚр 14Нуну Валенте Жқ 6 Коштинья Жқ 18МанишеЖқ 7 Луиш Фигу (к)Жқ 20ДекуЖқ 17Криштиану РоналдуШ 9 Паулета Алаңға шыққандар:Қр 2 Паулу Феррейра Жқ 10Руй Кошта Ш 21Нуну Гомеш Бапкер: Луиз Фелипе Сколари Ққ 1 Антониос НикополидисҚр 2 Юркас Сейтаридис Қр 5 Траянос ДелласҚр 19Михалис КапсисҚр 14Панайотис Фиссас Жқ 8 Стелиос Яннакопулос Жқ 6 Ангелос Басинас Жқ 7 Теодорос Загоракис (к)Жқ 21Костас КацуранисШ 9 Ангелос ХаристеасШ 15Зисис Вризас Алаңға шыққандар:Қр 3 Стилианос Венетидис Ш 22Димитриос Пападопулос Бапкер: Отто Рехагель

Сыртқы сілтемелер Матчтың бейнешолуы

Санат:Футболдан 2004 жылғы Еуропа біріншілігі Санат:Грекия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:4 шілдедегі оқиғалар Санат:2004 жылғы оқиғалар Санат:2004 жылғы футбол Санат:Футболдан Еуропа біріншілігінің финалдары