Жүнқанаттылар () – сүтқоректілер класының ұрықжолдасты бір отряды.
Оңтүстік-Шығыс Азияның ормандарында мекендейтін 1 тұқымдасы, 2 түрі белгілі. Дене тұрқы 36-43 см, салмағы 2кг-дай. Ағашта тіршілік етеді. Түнде белсенді. Ағаштың жапырақтары, жемістері және тұқымдарымен қоректенеді.
Түрлері Cynocephalus volans – Филиппин жүнқанаты Galeopterus variegatus – Малай жүнқанаты
Дереккөздер
Санат:Жүнқанаттылар