Джозеф Эдвард Майер' (ағыл. Joseph Edward Mayer; 5 ақпан 1904, Нью-Йорк — 15 қазан 1983) — американдық теориялық физика ғалымы. Мария Гёпперт-Майердің күйеуі. Калифорния техникалық институтын бітіргеннен кейін, бірқатар университеттерде еңбек еткен: Калифорния университетінде (1927–1928), Гёттинген университетінде (1929–1930), Джонс Хопкинс университетінде (1930–1939), Колумбия университетінде (1939–1945), Чикаго университетінде (1946–1960) және Калифорния университетінде (1960–1972). Статистикалық физика, термодинамика, квантты механика, химиялық физика салалары бойынша ғылыми еңбектер жазған. Нақты газдар мен сұйықтықтардың қазіргі теориясын жасаушылардың бірі болды. Статистикалық механикаға диаграммалық әдісті енгізді.

1941–1952 жылдары Journal of Chemical Physics'' журналының редакторы, ал 1973–1974 жылдары Америка физика қоғамының президенті болды.

Ғылыми марапаттары: Гилберт Ньютон Льюис медалі (1958), Питер Дебай атындағы сыйлық (1967) және Джон Кирквуд атындағы сыйлық (1968).

Пайдаланылған әдебиеттер: Майер Дж., Гепперт-Майер М. Статистическая механика. — М.: Мир, 1980. — 546 с. Храмов Ю. А. Майер Джозеф Эдвард (Mayer Joseph Edward) // Физики: Биографический справочник / Под ред. А. И. Ахиезера. — Изд. 2-е, испр. и дополн. — М.: Наука, 1983. — С. 174. — 400 с. — 200 000 экз. (в пер.) Майер Джозеф Е. Теория реальных газов (рус.) // Термодинамика газов / Ағылш. аудару и нем. под ред. В. С. Зуева. — М.: Машиностроение, 1970, с. 415—562. Zimm Bruno H. Joseph Edward Mayer, 1904–1983 (ағылш.) // Biographical Memoirs. — National Academy of Sciences, 1994. — P. 211—220. Mayer Joseph E. Theory of Real Gases (ағылш.) // Handbuch der Physik. — Springer-Verlag, 1958. — Vol. XII. Thermodynamik der Gase. — P. 73—204. Clark Leigh B., Zimm Bruno H. Joseph Edward Mayer (ағылш.). — University of California, 2011.

Санат:Химиялық физика Санат:Механика Санат:АҚШ физиктері