Қызылмақташы (бұрынғы атауы Қыраш) — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Қыраш ауылдық округі орталығы.

Халқы Тұрғыны 881 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434056100.

Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде, Қаратау жотасының сайлы-жыралы келген тау алды жазығында орналасқан.

Тарихы Ауыл 1957 – 96 жылы қаракөл қойын өсіретін «Бірлік» кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. Бөлімше негізінде Қызылмақташыда шаруа қожалықтары құрылдыҚазақ энциклопедиясы, III том 12 тарау

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Викимапияда

Санат:Жаңақорған ауданы елді мекендері