Қарашат – Павлодар облысы Баянауыл ауданының солтүстігіндегі тау. Абсолюттік биіктігі 789 м. Батыстан шығысқа қарай 7-8 км-ге созылған.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы девон дәуірінің гранит, кварцит және тақтатастарынан түзілген.
Жер бедері, өсімдігі Жер бедері қатты тілімденген, беткейлері тік жартасты шатқалдардан тұрады. Шатқалдарда бұлақтар және бұта шоғырлары кездеседі. Оңтүстік-шығысында Бозшакөл, Шалқаркөл тұзды көлдері орналасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы таулары