Туба Бүйүкүстүн ( ; 1982 жыл 15 шілде , Түркия , Стамбул ) – түрік кино және театр актрисасы , және модель .
Өмірбаяны Туба Бүйүкүстүн 1982 жылы , 15 шілде күні Стамбул қаласында туған . «Doğus» жоғарғы мектебін бітіріп , содан кейін Мимар Синан атындағы бейнелеу өнері университетінде , киім-кишек және сахна көркі суретшісі мамандығында білім алды .
Мансабы Университетте оқағын уақытта ол белменді түрде «Pantene», «Maximum Cart», «Kremini», «Molped» сияқты атақты брендтер үшін жарнамаларда түсуді бастаған. Тез уақыт аралығында оны режиссер Томрис Гиритоглуның әмірі байқады . Тубаның сынапқа шығуы «Сұлтан Макам» телехикаясында болған . осыдан кейін ол «Çemberimde Gül Oya» телехикаясында , «Гюлизар», «Әке мен ұл» фильмдерінде түсті . Тубаның жұлдыздық сәті 2005 жылы «Жөкенің панасында» телехикаясында болған , осы телехикаяда ол Бюлент Иналмен жұпта басты рөлді ойнаған . Бүйүкүстүннің теледидардағы келесі жұмысы «Аси» телехикаясы болды , бұл телехикая 2007-2009 жылдар аралығында таратылған.Осы телехикаяда да ол басты рөлге ие болды , оның серітесі әйгілі актер Мурат Йылдырым болды . Ал 2010 жылы болса , Туба сыған әйелі Хасрет бейнесінде «Gönülçelen» телехикаясында ойнайды . 2014 жылдан бастап «Арам ақша мен махаббат» телехикаясында жұмыс орындайды .
Жеке өмірі 2005 жылы Туба «Жөкенің панасында» телехикаясындағы әріптесі Бюлент Иналмен кездеседі , бірақ 2007 жылы осы жұп айырылысалы . «Аси» телехикаясының түсірілімдерінде Туба оператор – қоюшы Сами Сайданмен танысады . 2008 жылдан бастап олар кездесуді бастайды , ал 2010 жылы болса олар кездесулерді тоқтады . 2010 жылдың шілде айында , Парижда Туба актер Онар Сайлакқа үйленеді . Олардың романтикалық қарым-қатынасы «Gönülçelen» телехикаясының түсірілімдерінде басталады . 2012 жылдың 19 ақпан күнінде Туба екі егіз – Мая мен Топракты туады .
Фильмография 2003 – Сұлтан Мкам – Несрин 2004 – Раушаннан оюлар – Зарифе 2004 – Гюлизар – Гюлизар 2005 – Махаббат жолы – Дениз 2005 – Әке мен ұл – Айсун 2005 – Емтихан – Зейнеп 2005-2007 - Жөкенің панасында – Филиз 2007-2009 – Аси – Аси 2010-2011 – Жүректі жайғайтын – Хасрет 2010 – Менің жүрегімде сұра – Эсма 2013 – 20 минут – Мелек 2014-2015 – Арам ақша мен махаббат – Элиф
Дереккөздер
Санат:1982 жылы туғандар Санат:Актёрлер Санат:Түркия актрисалары Санат:Түркия фотомоделдері