Нгуен Ван Чой (;21. 1. 1940, Тханькупт болысы, Диенбан уезі, Куангнам провинциясы (Оңтүстік Вьетнам),— 15. 10. 1964, Сайгон) — вьетнам патриоты.
Кедей шаруаның отбасында туған. 14 жасынан еңбекке араласты. Сайгонда жұмысшылардың астыртын ұйымына кірді. 1962 жылдан Оңтүстік Вьетнам халықтық-революцияшыл жастары қатарында американшыл қуыршақ үкімет тәртібіне қарсы белсенділікпен күресті. 1964 ж. тұтқындалып, өлтірілді. Нгуен Ван Чой есімі вьетнам жастарының ерлік нышанына айналды.Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том Дереккөздер
Санат:Вьетнам революционерлері