Қыземшек – Мұңлы тауының солтүстік-батысындағы аласа тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Қаражал қалалық әкімдігіне қарасты аумақта, Қаражал қаласының оңтүстік-батысында 41 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі - 521 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км-ге созылған, енді жері 1 км.

Жер бедері Беткейі жонды-қырқалы келген. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Шығысында Қарашоқы, оңтүстік-шығысында Бектау таулары бар.

Өсімдігі Ашық қоңыр топырақ жамылғысында боз, селеу, жусан, бұталы өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау облысы таулары