Қыземшек – Қызбелтау тауларының шығысындағы аласа тау массиві.
Географиялық орны Қостанай облысы Науырзым ауданы Мереке ауылының оңтүстік-батысында 25 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі - 202 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 5 км-ге созылған, енді жері 2 км.
Геологиялық құрылымы Беткейі сай-жыралармен тілімденіп, эрозиялық процестерге ұшыраған. Жоғарғы олигоцен мен миоцен кезеңдерінің сазды, карбонатты жыныстарынан түзілген.
Жер бедері Етегінде қорымтас үйінділерінің мол шоғыры жиналған. Баурайы бұлаққа бай. Солтүстігінде Күйік қонысы, оңтүстік шығысында Үлкен жіне Кіші Қосқопа көлдері жатыр.
Өсімдігі Сортаңды қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, селеу, бетеге аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Науырзым ауданы таулары