Мурадели Вано Ильич (, ; 6 сәуір 1908 ж., Гори — 14 тамыз 1970 ж., Томск, Москвада жерленді) – Кеңес одағының композиторы, КСРО халық артисі (1968). 1942 жылдан КОКП мүшесі.

1931 ж. Тбилиси консерваториясының (композиция дирижер класы бойынша) бітірді. Москва консерваториясында білімін жетілдірді (Б.С. Шахтер мен Н. Я. Мясковскийден). 1939 – 48 ж. КСРО Муз. қорының оқытушысы, 1959 – 70 ж. РКФСР Композиторлар одағы Москва бөлімшесі басқармасының бастығы болды. Мурадели – совет музыкалық мәдениетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Оның шығармалары азаматтық пафосқа және қазіргі заманның көкейтесі мәселелеріне құрылды. «Ұлы достық» (1947, 1960), «Октябрь» (1962) операларының, оперетталар мен симфрниялардың, көптеген әндердің авторы.КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1946, 1951) Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев

Дереккөздер

Санат:1908 жылы туғандар Санат:1970 жылы қайтыс болғандар