Мурадова Сона (31. 12. 1914 ж. т., қазіргі Геок-Тепе ауд.) – түркімен совет актрисасы, КСРО халық артисі (1955). 1940 жылдан КОКП мүшесі. 1931 Ашхабадтың пед. техникумын бітіргіннен кейін оқытушылық қызметпен шұғылданды. 1934 ж. Түркімен драма театрының құрамына қабылданды. 1955 – 60 ж. осы театрдың директоры болды. Рольдері: Акнабат (Кербабаевтың «Шешуші қадамында» Бике (Мухтаровтың «Аллан семьясында»), Пошлепкина (Гогольдің «Ревизорында»), Жамал (Бурунов пен Амановтың «Кеймир-Көрінде»), Эмилия (Шекспирдің «Отеллосында»). КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1951) мен Түркім. КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968). Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Мурадова Сона · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.