thumb|right|200px| Жан Батист Мильер (, , Ламарш-сюр-Сон, Кот-д’Ор — , Париж) – француз революционері, журналист.
Жұмысшының баласы. Революциялық қозғалысқа жасынан араласты. 1871 жылы ақпанда Ұлттық жиналыстағы депутаты болып сайланды. 1871 жылғы Париж Коммунасы кезінде «Коммюн» («La Commune») газетінде қызмет істеді. «Республикалық департаменттер одағын» құрушылардың бірі және оның басшысы. Мильер Коммуна идеясын насихаттады. «Мамыр аптасы» күндерінде версальдықтың қолына түсіп, сот үкімінсіз Пантеон баспалдақтарында атылды.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Дереккөздер
Санат:Франция журналистері Санат:Париж коммунасына қатысқандар Санат:1817 жылы туғандар Санат:1871 жылы қайтыс болғандар