Кіші Мильтиад (; б.з.б. 550 – 489 ж.ш.) – Афина мемлекеттік қайраткері, грек-парсы соғыстарының (б.з.б. 500 – 449 ж.) қолбасшысы, Херсонес Фракийдің (б.з.б. 520 - 493 ж.ш.) тираны, Үлкен Кимонның ұлы (Үлкен Мильтиадтың өгей ағасы болған), Кіші Кимонның әкесі.

Б.з.б. 523 және 513 жылдар аралығында тиран Гиппий Фракия Херсонесіне жер аударды, сонда жүріп ағасы Стесагордан өкімет билігін мирас етіп алып, тиран атанды. Кіші Мильтиад б.з.б. 500-494 ж. Парсыға қарсы көтеріліс жасаған Кіші Азия гректеріне көмек көрсетті. Көтеріліс басылғаннан кейін Афинаға қашты. Б.з.б. 490 ж. Афина стратегтерінің бірі болып сайланды және Марафон түбінде болған соғыста афина әскерлерін басқарды.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев

Дереккөздер

Санат:Ежелгі Грекия тұлғалары Санат:Афины қолбасшылары Санат:Афины саясаткерлері Санат:Афины Архонттары