I Хуан Карлос ( (Иоанн Карл I), 5 қаңтар 1938, Рим) - Испания королі, 1975 жылдың 22 қарашасынан Испанияның 17-ші патшасы әрі елдің қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы, генерал- капитан. Ол Испанияның диктатуралық жүйеден парламенттік демократия жүйесіне көшуі кезеңін сәтті басқарған қайраткер.

Бурбон әулетінен шыққан I Хуан Карлос 1938 жылдың 5 қаңтарында Италияда дүниеге келген.

Өмірбаяны 1975 жылдың 22 қарашасында таққа отырғаннан кейін ол бірден демократиялық реформалар жүргізіп, саяси партияларды заңдастырып, билеуші партия - Испан Фалангасын таратып жіберді.

1977 жылдың 15 маусымында Испания өзінің алғашқы демократиялық сайлауын өткізді.

1978 жылы Испанияның жаңа Конституциясы қабылданды. Бүл конституция бойынша Хуан Карлос тарихи монархияның тақ мұрагері болып жарияланды және азаматтық қүқық пен еркіндікке кепілдік берілді. Сол жылы Хуанның әкесі таққа отыру құқығынан бас тартты. Осыған байланысты әкесінің жақтастары мен өзге әулеттер Хуан Карлосты заңды патша ретінде мойындады.

Провинциялар дербестігін алып, Испания федерация нышанындағы мемлекетке айналды. 972 жылы 33 жастағы Хуан Карлос Мюнхендегі Олимпиада ойындарына желкенді қайық спортымен қатысып, испан экипажының құрамында он бесінші орынға ие болған.

Дереккөздер

Санат:Испан монархтары