Қу – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Шалқия кентінен солтүстікке қарай 30 км жерде. Солтүстік -батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км. Абсолюттік биіктігі 780 м. Беткейлері тегіс келген окшауланған тау массивінен тұрады.
Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің орта және төменгі бөлім жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, бұталар өседі. Тау беткейлерінде мол қорымтас жиналған. Шағын 8 өзен бастау алады. Ірілері — Кенжебайсай, Көктас. Жайылымдық жер және мал қыстауына пайдаланынады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы таулары