Көпжылдық дәстүргүл () – астралылар тұқымдасының дәстүргүл тегінің көпжылдық шөптес өсімдігі.

Таралуы Табиғи ареалы — Солтүстік Африка, Азия, Кавказ, Еуропа.

Сипаттамасы thumb|left|Көпжылдық дәстүргүл, Deutschlands Flora in Abbildungen кітабынан ботаникалық сурет, 1796 Көпжылдық дәстүргүлдің биіктігі 10—30 см.

Тамыр сабағы қысқа.

Оның жапырақтары жұмыртқа тәрізді сопақша, немесе күрек сияқты, сағақ жағы жіңішкелеу, жиегі кедір-бұдырлы келеді. Ал, жапырақсыз сабақтарында жеке-жеке орналасқан ақ түсті немесе қызыл өңді гүл зембілі болады. Өсімдік 10-15 см-лік биіктікке дейін өседі.

Гүлшоғыры — жеке тұрған себетше, гүлдердің түсі ақ, қызғылт немес қызыл болады. Гүлшоғырлардың диаметрі 3—8 см болады. Көбіне көктемде, жаздың басында, кейде жазы бойы гүлдейді.

Жемісі сары түсті 0,5 мм ұзындығы, маусымда піседі.

Химиялық құрамы Дәстүргүлдің химиялық құрамы жете зерттелген жоқ. Көпжылдық маргариткада негізгі әсер етуші зат эфир майы және инсулин бар.

Қолданылуы Көпжылдық дәстүргүлдің суға қайнатылған (жер бетіндегі бөлігін кептіргеннен кейін) қайнатындысы қан тоқтататын дәрі ретінде қан құсып туберкулез ауруларына, жатырынан қан кетіп азап шегіп жүргендерге, ал жөтелмен, бронх демікпесімен аурушыларға қақырық түсіретін және қабынуларға қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланады.

Оны сәндік өсімдік ретінде де көбіне бақтарда өсіреді.Дәрілік өсімдіктер. Алматы, "Қазақстан", 1975, 172 бет.

Галерея  220px 200px 200px Көпжылдық дәстүргүл.

Дереккөздер

Санат:Күрделігүлділер Санат:Дәрілік өсімдіктер Санат:Еуразия флорасы