Рахимов Нәби (; 7 қараша 1911 жыл, Қоқан — 23 қараша 1994 жыл) — өзбек кеңес актері, КСРО халық әртісі (1964). 1945 жылдан КОКП мүшесі.

Өмірбаяны 1926 жылдан Қоқандағы әуесқойлар коллективінің спектакліне қатысады.

1929 жылдан Өзбек драма театрының құрамында қызмет етеді.

1946 жылдан Ташкенттің театр институтында педогогикалық қызметпен шұғылданады.

Рөлдері Ол өткір мінезді, комедиялық дарынымен ерекше көзге түсті. Рольдері: Яго (Шекспирдің «Отеллосында»), Хлестаков (Гогольдің «Ревизорында»), Етов, Мамасалиев (Ұйғынның «Махаббаты» мен «Ұшуында») т. б. Киноға түскен.

Марапаттары Ленин ордені және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том

Дереккөздер