Маттиас Гинтер (нем. Matthias Ginter; 1994 жылы 19 қаңтарда Баден-Вюртемберг қаласында туылды) — неміс футболшысы, Дортмундтың «Боруссия» клубы мен Германия ұлттық құрамасының қорғаушысы.
Клубтағы мансабы 11 жасынан бастап «Фрайбург» клубында ойнаған. Жас өспірімдік кезінен ақ жартылай қорғаушы позициясында ойнап, қалай қорғана алса, солай шабуылға қосыла алатының көрсеткен. Алайда Бундеслигада тек қорғаушы ретінде өнер көрсетеді.
2012 жылы 21 қаңтарда Гинтер «Фрайбург» клубы үшін алғаш матчын ойнап, 70 минутта Антон Путилоның орнына алаңға кіріп, 88 минуттыңда «Аугсбург» қақпасына гол соқты. Осы гол оны Бундеслигада гол соққан ең жас ойыншы етті. 23 қаңтарда «Фрайбургпен» жаңа профессионалды контракка қол қойды.
2014 жылы 17 шілдеде дортмундтық «Боруссияға» ауысып, 2019 -ға дейінгі контракка қол қойды.
Ұлттық құрамадағы мансабы Алғаш матчын 2014 жылы 5 наурызда Чили құрамасына қарсы ойнады. Осылайша Германия құрамасында ойнаған 900-ші ойыншы атанды. 2014 жылғы әлем чемпионатына барғанымен, бірде бір ойында алаңға шыққан жоқ. Жетістіктері Клубтық Жастар Германия кубогінің иегері:2011 Әлем чемпионы: 2014 Германия Суперкубогінің иегері: 2014 Конфедерациялар кубогы: 2017 Германия кубогы: 2016/17 Жеке Фриц Вальтер жүлдесінің (18 жасқа дейін) иегері
Сілтемелер fussballdaten сайтында профилі transfermarkt сайтында профилі
Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Фрайбург ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Боруссия Менхенгладбах ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары